Ішкі істер министрлігі Тоқаевтың тапсырмасын қалай орындау керектігін талқылады
© Сурет: ҚР ІІМ
Ішкі істер министрлігінде Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша жедел кеңес өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кеңес барысында елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты негізгі мәселелер қаралды.
"Заң мен Тәртіп" қағидатын тиімді жүзеге асыру үшін Ішкі істер органдарында 2025 жыл "Профилактика жылы: полиция Заң мен Тәртіп күзетінде" деп жарияланған болатын.
Осы бағытта министр қылмыстың алдын алу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру, оның ішінде жеке профилактикалық іс-шараларды күшейту, қылмыс жасауға бейім адамдарды ерте кезеңде жүйелі түрде анықтау бойынша міндеттер жүктеді, сондай-ақ жұртшылықты алдын алу саласына белсенді тарту қажеттігін алға тартты.
Ведомство басшысы мүдделі органдармен бірлесіп мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында оқитын жастардың бойында патриотизм, жауапкершілік және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру бойынша мақсатты ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.
"Үкімет отырысында инфрақұрылымдық даму, цифрлық технологияларды енгізу және энергетика саласының ілгерілеуі де негізгі бағыт ретінде атап өтілді. Сондықтан жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, мұнай өнімдерін ұрлаудың және оларды шетелге заңсыз әкетудің қылмыстық схемаларын анықтау бойынша жұмысты жандандыруды тапсырамын", – деп атап өтті министр.
Сондай-ақ Ержан Саденов қызмет басшылары мен өңірлік бөліністердің жетекшілерінің алдына интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, цифрлық жобаларды дамыту, тиісті көші-қонды бақылауды міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, шетелдік жұмыс күшін тартуға байланысты рәсімдерді жақсарту, азаматтардың өтініштерімен жұмыс тиімділігін арттыру бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі жедел қызметтің нәтижелері қаралды, оның барысында жұмыстың нақты бағыттары бойынша тапсырмалар берілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:46, 18 ақпан 2025
Алматыда полицейлер толғағы қысқан әйелді дер кезінде перзентханаға жеткізді
-
22:10, 18 ақпан 2025
Астанада 15-қабаттан құлаған жасөспірім қыздың жағдайы ауыр
-
21:53, 18 ақпан 2025
Жамбыл облысында тойға дайындалған қазы-қарта мен тойбастарды ұрлап кеткен
-
21:43, 18 ақпан 2025
Бозымбаев тергеу аяқталғанға дейін шахтадағы жұмысты қайта бастамауды тапсырды
-
21:38, 18 ақпан 2025
Маңғыстау теміржол станциясында ауыр қылмыс жасаған Қазақстан азаматы ұсталды
Танымал жаңалықтар
-
10:04, 18 ақпан 2025
-
09:14, 18 ақпан 2025
-
09:33, 18 ақпан 2025
-
10:23, 18 ақпан 2025
-
10:55, 18 ақпан 2025
-
11:22, 18 ақпан 2025
-
11:54, 18 ақпан 2025
-
14:16, 18 ақпан 2025
-
13:08, 18 ақпан 2025
-
11:40, 18 ақпан 2025
-
13:17, 18 ақпан 2025
-
13:54, 18 ақпан 2025
-
12:07, 18 ақпан 2025
-
12:44, 18 ақпан 2025
-
13:38, 18 ақпан 2025