132 миллиард теңгеден астам: Қазақстандағы атаулы көмек туралы не білу керек

© Фото: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕӘҚМ) Қазақстан тұрғындарына төленетін төлемдер мен жәрдемақылар туралы айтуды жалғастыруда. Бұл жолы 2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 169 мыңнан астам адам 2,3 млрд теңге атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алғаны белгілі болды.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2025 жылғы 1 ақпанда АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 52 мың балаға 305,1 млн теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы кедейлік шегі өңірлік медиандық табыстың 35% деңгейінде, бірақ өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінен 70% – дан төмен емес деңгейде айқындалған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:18, 17 наурыз 2025
Елдана Тәліпова бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында екінші орынды иеленді
-
23:35, 16 наурыз 2025
Тоқаев Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады
-
23:34, 16 наурыз 2025
Бокстан әйелдер арасындағы ӘЧ: Аида Әбікеева алтын медальға ие болған үшінші қазақстандық атанды
-
23:16, 16 наурыз 2025
Виктория Графеева бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді
-
21:37, 16 наурыз 2025
Алуа Балқыбекова тұңғыш рет бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті