Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев facebook-те тіркелді

12:42, 28 қыркүйек 2020

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев facebook-те тіркелгенін мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Құрметті отандастар!
Бүгіннен бастап мен әлеуметтік желіге қосылдым.
Бұл қадам – ішкі істер органдарын реформалауда қажетті құралға және полиция мен қарапайым азаматтар арасындағы "алтын көпірге" айналатынына сенімім мол.
Қылмыспен күрес, адамдардың тыныштығын күзету оңай емес. Біздің басты міндет - халықтың сенімі! Сондықтан әлеуметтік желідегі тиімді байланыс арқылы сол көрсеткішті одан сайын жақсартамыз деген үміттемін, делінген министрдің алғашқы жазбасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!