Иран мұнайы қайтадан әлемдік нарыққа шықты

15:06, 18 маусым 2026

© Фото: unsplash

АҚШ-пен бітім жасағаннан кейін Иран мұнайын қайта эскпорттай бастады.

Танкерлер АҚШ әскери-теңіз күштерінің блокадасынан босаған. Алғаш болып жолға шыққан екі кемеде 3,8 млн баррель мұнай тиелген, деп жазады qazaqstan.tv.

Тағы бір ирандық танкер 1 млн баррель энергетикалық шикізатты артып діттеген бағытына шықты.

Дегенмен, әлемдік мұнай тасымалы үшін маңызды саналатын Ормуз бұғазының келешегі әлі де нақты емес.

АҚШ президенті Дональд Трамп су жолы жақын уақытта толық ашылып, кеме қатынасы тегін болатынын мәлімдеді.

Ал Иран билігі Ормұз бұғазында қозғалыс үшін төлем енгізілуі мүмкін екенін меңзеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!