«Йогуртпен ғана тамақтандырған»: әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

09:37, 24 маусым 2026

© Фото: unsplash

АҚШ-тың Миссури штатындағы Сент-Луис қаласында әйел 1,5 жастағы қызын аштықтан өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының New York Post-қа сілтеме жасап жазуынша, баланың анасы балаларға қатыгездік көрсету айыбымен қамауға алынған. Ол екі қызын бір жылдан астам уақыт бойы медициналық тексеруге де апармаған.

Балалар тек йогурт пен пюре ғана жеп келген. Тәулігіне шамамен 250 калория алған.

Кіші қыз 1,6 жаста болған, салмағы небәрі 4,5 келі тартқан. Ауруханаға жеткізілгеннен кейін ол көз жұмған. Ал 3 жастағы үлкен әпкесі 7,7 келі салмақта болып, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Сонымен қатар балаларда дамуында айтарлықтай кідіріс байқалған. Туыстарының айтуынша, анасы бірнеше жыл бұрын отбасымен байланысын үзген.

Бұған дейін Нидерландыда заңнама өзгергеннен кейін 12 жасқа дейінгі балаға қатысты эвтаназияның алғашқы жағдайы тіркелгені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!