Инватакси қызметін пайдалануға арналған медициналық көрсетілімдер тізбесі бекітілді
© Фото: gov.kz
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 3 қыркүйектегі бұйрығымен мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды инватаксимен тасымалдау қызметін көрсетуге арналған медициналық көрсетілімдер тізбесін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тізбеге мынадай 18 медициналық көрсетілім енгізілді:
- көздің көрмеуі;
- түзетумен екі көздің көру жітілігінің 0,03-ке дейін төмендеуі;
- ауыр дәрежедегі вестибулярлық-мишықтық бұзылыстар;
- ауыр дәрежедегі гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;
- ауыр дәрежедегі паркинсонизмнің акинетикалық-ригидті түрі;
- ауыр дәрежедегі гемипарез, төменгі парапарез, трипарез және тетрапарез;
- ауыр дәрежедегі гемиплегия, триплегия, параплегия, тетраплегия және диплегия;
- қан айналымы мен тыныс алу функцияларының ауыр дәрежеде бұзылуы: қан айналымының III сатыдағы жеткіліксіздігі, IV функционалдық сыныптағы стенокардияға сәйкес коронарлық жеткіліксіздік, өкпе-жүрек жеткіліксіздігінің II–III және III сатыларымен қатар жүретін III дәрежедегі тыныс алу жеткіліксіздігі және басқалар;
- несеп шығару жүйесі функциясының ауыр дәрежеде бұзылуы, оның ішінде диализ терапиясын алатын адамдар;
- ағзаның статикалық-динамикалық функцияларының ауыр дәрежеде бұзылуы, оның ішінде буын функцияларының III–IV дәрежеде бұзылуы;
- протездеуге келмейтін және қозғалыс құралдарын пайдалануды қиындататын екі қолдың ампутациялық тұқылдары;
- протездеуге келмейтін және қозғалыс құралдарын пайдалануды қиындататын екі қолдың туа біткен даму ауытқулары;
- протездеуге келмейтін екі санның ампутациялық тұқылдары;
- протездеуге келмейтін, қозғалыс құралдарын пайдалануды қиындататын қол функцияларының айқын бұзылуымен қатар жүретін екі сирақтың ампутациялық тұқылдары;
- жүріп-тұрудың III дәрежеде бұзылуына әкелетін аяқтардың туа біткен даму ауытқулары;
- қозғалыс құралдарын пайдалануды қиындататын қол функцияларының айқын бұзылуымен қатар жүретін екі жамбас немесе тізе буынының анкилоздары мен контрактуралары және буын функцияларының III–IV дәрежеде бұзылуы;
- заңды өкілдің бірге жүруін қажет ететін мінез-құлықтың ауыр бұзылыстарымен сипатталатын психикалық аурулар;
- иммундық жүйенің ауыр дәрежедегі туа біткен бұзылыстары.
Бұйрық 2026 жылғы 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Қазақстанда комада жатқан пациенттерге мүгедектікті рәсімдеу тәртібі жеңілдетілгені хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:23, 10 қыркүйек 2026
Әйелдің жаңа қарым-қатынасына қарсы болған туыстары оны ұрлап әкеткен
-
15:19, 10 қыркүйек 2026
«Банк қызметкерлері» қазақстандық әйелді несие алуға және алтынын сатуға көндірген: іс немен аяқталды
-
15:11, 10 қыркүйек 2026
Қазақстандықтар қанша ақша жинайды және жинақтарын қайда сақтайды – Ұлттық банк
-
15:02, 10 қыркүйек 2026
Қазақстандық 65 жастағы көршісін ұрып өлтірді
-
14:52, 10 қыркүйек 2026
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері хабар-ошарсыз кеткен 100-ге жуық адам табылды





