Инновациялар индексі – 2026: Қазақстан рейтингте сегіз сатыға көтерілді
© Сурет: pixabay
Қазақстан 2025 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда инновациялар индексіндегі нәтижесін айтарлықтай жақсартып, жаһандық рейтингте бірден сегіз сатыға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы инновациялар индексі бойынша елдердің жаһандық рейтингінің жаңа нәтижелері Женевадағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) штаб-пәтерінде таныстырылды.
Биылғы индекс "Ғылымның алдыңғы шебіндегі кәсіпкерлерді қолдау" тақырыбына арналған. Зерттеуде ғылыми жаңалықтар мен озық технологияларды стартаптарға, технологиялық компанияларға және ауқымды шешімдерге айналдыру мәселелері қарастырылған.
Индекс деген не?
Жаһандық рейтингтің негізіне алынатын инновациялар индексі 80-нен астам көрсеткіштен тұрады. Олар екі негізгі санатқа бөлінеді: инновациялық ресурстар және инновациялық нәтижелер.
Инновациялық ресурстарды бағалау кезінде мемлекеттік басқарудың тиімділігі, заңдардың қауіпсіздігі мен тиімділігі, білім беру деңгейі, ғылыми ортаның сапасы мен зерттеушілер саны, нарық пен бизнестің дамуы ескеріледі.
Ал инновациялық нәтижелерді анықтау кезінде мамандар жасалған ғылыми өнімдер мен олардың болашағын, зияткерлік меншікке берілген патенттердің өсімін, жоғары технологиялық экспорт көлемін, тауар белгілерін және креативті индустриядағы инновацияларды бағалайды.
Қазақстанның көрсеткіші
Жылдық салыстыруға сәйкес, Қазақстан 2025 жылғы 81-орыннан 73-орынға көтеріліп, кейінгі 10 жылдағы ең жоғары нәтижесін көрсетті.
ДЗМҰ мәліметінше, Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің өңірлік рейтингінде Қазақстан 11 экономиканың арасында төртінші орыннан екінші орынға көтерілді. Ал Орталық Азия елдері арасында көшбасшылық орнын сақтап қалды.
Инновациялық нәтижелер көрсеткіші бойынша да айтарлықтай өсім байқалды: Қазақстан 84-орыннан 73-орынға көтерілді. Ал инновациялық ресурстар бойынша елдің көрсеткіші 75-орыннан 73-орынға жақсарды.
Индекстің жеті негізгі бағытының ішінде ең жоғары өсім "Білім және технология саласындағы нәтижелер" көрсеткіші бойынша тіркелді – Қазақстан 87-орыннан 69-орынға, яғни бірден 18 сатыға көтерілген.
Сондай-ақ өндіріс пен экспорттың күрделілігі, өнеркәсіптік үлгілер және еңбек өнімділігінің өсімі бойынша да оң өзгерістер байқалды.
ТМД елдеріндегі жағдай
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бағалауынша, ТМД кеңістігіндегі инновациялық даму деңгейі бойынша Ресей көш бастады. Ел әлемдік рейтингте 60-орыннан 58-орынға көтерілді.
Екінші орында – Армения (әлемде 59-орын), үшінші орында – Қазақстан (73-орын).
Одан кейін Өзбекстан (77-орын), Әзербайжан (85-орын), Беларусь (88-орын), Қырғызстан (92-орын) және Тәжікстан (112-орын) орналасқан.
Әлем көшбасшылары
Инновациялық даму деңгейі бойынша әлемдік рейтингте Швейцария бірінші орында. Екінші орында Швеция, ал үшінші орында АҚШ тұр.
Әлемдегі инновациясы дамыған үздік он елдің қатарына сондай-ақ Оңтүстік Корея, Сингапур, Ұлыбритания, Нидерланд, Финляндия, Дания және Қытай кірді.
Инновацияларды енгізу деңгейі бойынша рейтингтің соңғы орындарында Чад, Нигер, Конго Демократиялық Республикасы, Ангола, Бурунди, Мали, Эфиопия, Зимбабве және Мавритания орналасқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:36, 1 қазан 2026
Қазақстандық құзға өрмелеуші Азиада-2026 ойындарында қола медаль жеңіп алды
-
18:18, 1 қазан 2026
Тоқаев жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы жобалармен танысты
-
18:17, 1 қазан 2026
Алматылықтар үшін маңызды: түбіртектегі жеке шотты жаңа иесінің атына қалай ауыстыруға болады
-
18:01, 1 қазан 2026
Ұлдана Мырзуанның қазасы: құрылыс компаниясы мен МИБ төрағасына қатысты істер біріктірілуі мүмкін
-
17:54, 1 қазан 2026
Азиада-2026: дзюдошы Әділет Алмат күміс жүлде иеленді





