«Инфляция тағы үдеді». Қай өңірлерде бағалардың жоғары өсімі тіркелгені белгілі болды

19:56, 16 сәуір 2025

© Сурет: Zakon.kz

Наурыз айында елдегі жылдық инфляция үдеп, 10% болды. Жылдық инфляция 16 өңірде жеделдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық банктің мәліметінше, елімізде инфляция қарқын алды.

Наурыз айында елдегі жылдық инфляция үдеп (ақпанда – 9,4%), 10% болды. Жылдық инфляция 16 өңірде жеделдеп, 4 өңірде баяулады.

"Ең жоғары өсім Астанада тіркелді. Елордада жылдық инфляция 13,3%-ға жетті, бұл – ел бойынша ең жоғары көрсеткіш. Азық-түлік бағасының ең жоғары өсімі – Ақмола облысында, ал ең төменгі өсім Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында байқалды", делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша жоғары өсім – Түркістан облысында, ал ең төменгісі Алматы облысында тіркелді.

Ақылы қызмет бағасы ең қатты қымбаттаған өңір – Батыс Қазақстан облысы, ал ең аз қымбаттаған өңір Павлодар облысы болды.

Еске сала кетейік, Ұлттық банк қазіргі экономикалық жағдай мен инфляция тәуекелдеріне байланысты базалық ставканы 16,50% деңгейінде қалдырған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!