Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

23:37, 25 мамыр 2020

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады. Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек. Көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндетті. Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қабылдау қажет, - делінеді жазбада.

Қазақстанда індет басталғалы коронавирусты осы сәтке дейін 8531 адам жұқтырған. 4 352 адам жазылды. 35 адам көз жұмған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!