Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді
Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ 2020 жылы 13 наурызда №1 лот бойынша туристік және рекреациялық іс-шараларға арналған экологиялық туризмді дамыту үшін ұлттық парктің бір бөлігі ұзақ мерзімді пайдалануға беру мақсатында тендер өткізді. "Егемен Қазақстан" газетінде 2020 жылғы 12 ақпандағы № 29 (29758) жарияланған. Тендер комиссиясының шешімімен №1 лот бойынша тендердің жеңімпазы - жалғыз қатысушысы "KULTAU & K" ЖШС деп жарияланды, делінген ұлттық парктің сайтында.
Атап айтсақ, Үлкен Алматы көлі, Алма-Арасан (Аюсай), Асы үстірттері, Есік және Солдат шатқалдары, Бутаковка және басқалары жеке басқаруға өтті.
Белгілі болғандай, тендер Қазақстан Республикасының туристік индустриясын дамытудың 2019–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілді.
Құжатта көрсетілгендей, Ұлттық парктің көз тартарлық жерлерінде туристік кешендер, бақылау алаңдары, лагерьлер, көпірлер салу және тұрақ орындары бар лагерьлерді жабдықтау жоспарланған.
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде аумақтарды дамыту қарастырылған: мемлекет - инфрақұрылымды тартуға, инвестор - туристік объектілерді салуға жауап береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады