ІІМ: Жыл басынан бері заңсыз айналымнан әртүрлі үлгідегі 580 қару тәркіленді
© Сурет: ҚР ІІМ
ҚР ІІМ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Соның ішінде заңсыз айналымдағы қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтау және тәркілеу шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылуда.
Жыл басынан бері заңсыз айналымнан әртүрлі үлгідегі 580 қару тәркіленді. Оның ішінде 63-і – қылмыстық қару, ал 49-ы – қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару. Сонымен қатар, 2 мыңнан астам оқ-дәрі алынды.
10 наурыздан бастап елімізде "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара аясында заңсыз қаруды анықтау және тәркілеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Іс-шара басталғалы бері:
- заңсыз айналымнан 105 қару, 260-тен астам патрон және 13 жарылғыш құрылғы тәркіленді;
- қару мен оқ-дәрі сақталған 19 жасырын орын анықталды;
- қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 6 қару, сондай-ақ полицияның қызметтік жабдықтары тәркіленді. Олардың ішінде бір тапанша, екі ойық ұңғылы карабин, 3 тегіс ұңғылы аңшылық мылтық және оқ өткізбейтін кеудешелер бар.
ЖПІШ барысында азаматтар 10 қаруды ерікті түрде тапсырды. Сонымен қатар 5 мыңнан астам азаматтық қару иелері тексеріліп, олардың 70-тен астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, 6 наурыз күні Алматы облысында облыстық полиция департаменті мен ҰҚК департаменті қызметкерлері Қонаев қаласының шетінде жасырын қойманы анықтап, онда Алматы қаласында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған карабин тәркіленді.
11 наурызда Жамбыл облысының Байзақ ауданына қарасты Сарыкемер ауылының маңында, Талас өзенінің жағасынан криминалдық полиция қызметкерлері Тараз қаласында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған аңшылық мылтықтарды тауып, тәркіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:03, 13 наурыз 2026
Алматыда Жаңа Конституция жобасы талқыланды
-
17:42, 13 наурыз 2026
14 және 15 наурыздағы демалыс күндеріне арналған валюта бағамдары
-
17:27, 13 наурыз 2026
2026 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы алтын иеленді
-
17:19, 13 наурыз 2026
Алматыда қоғамдық көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды: бір адам зардап шекті
-
17:10, 13 наурыз 2026
Астанада сот Жанәбіловтардың адвокатының өтінішін қанағаттандырмады





