ІІМ: Он күн ішінде есірткі сатуға қатысты 48 дерек анықталды

11:11, 11 ақпан 2026

© Фото: Zakon.kz

"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында ішкі істер органдары жүйелі түрде есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жүргізіп жатыр.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті аумақтық бөлімшелермен өзара іс-қимыл барысында ақпан айының алғашқы онкүндігінде 158 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, олардың ішінде 91-і қылмыстық теріс қылық болса, 68-і қылмыс.

10 күн ішінде есірткі сату бойынша 48 фактінің жолы кесілді, аса ірі мөлшерде сақтау бойынша 6 факт анықталды, 2 есірткі зертханасы жойылды, сондай-ақ есірткі контрабандасының және ұйымдасқан қылмыстық есірткі тобының әрқайсысы бойынша бір-бір фактіден тіркелді.

Заңсыз айналымнан 1,7 тонна прекурсор және шамамен 20 келі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 15 келі каннабис тобына, ал 2 келіден астамы синтетикалық есірткілерге тиесілі.

Жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында есірткіге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге ерекше көңіл бөлінуде.

Онкүндік ішінде 20 мыңнан астам жасөспірімдер мен жастарды қамтыған 430 профилактикалық кездесу өткізілді. Ішкі істер министрлігі азаматтардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жастарды есірткі ортасына тарту фактілерінің жолын кесуге бағытталған нысаналы жұмысты жалғастырады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!