ІІМ-де киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды
© Сурет: ҚР ІІМ
Мемлекет басшысының киберқылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ішкі істер министрлігінде жаңа бейінді департамент құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл бастама азаматтарды заманауи қауіп – киберқылмыстан қорғауға бағытталған. Департамент киберқылмыстарды анықтаумен және ашумен, олармен күресте стратегиялық қадамдарды әзірлеумен айналысатын болады.
"Технологиялардың қарқынды дамуы және интернет-қатерлер санының артуына байланысты мамандандырылған арнайы бөлініс құру қазіргі заманауи қауіпке неғұрлым тиімді жауап беруге мүмкіндік береді", – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.
ІІМ басшысы жеке құрамға жаңа департамент бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбайды таныстырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:20, 10 желтоқсан 2024
Алматы метросындағы жолаушының өлімі: «Метрополитен» КМК түсінік берді
-
16:55, 10 желтоқсан 2024
Алматы метросында ер адам рельске құлап мерт болды
-
16:30, 10 желтоқсан 2024
Өскемен қаласын экологиялық апат аймағы деп тану шарттары аталды
-
16:19, 10 желтоқсан 2024
eGov.kz сайтында тағы бір жаңа қызмет пайда болды: ол кімге арналған
-
15:32, 10 желтоқсан 2024
Семейде полиция вейп сатумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады