ХҚО-да тегін берілетін құжаттарды ақшаға сатып жүр
Тегін берілетін құжатты қыруар қаржыға сатып, жоқ жерден пайда көріп жүргендер бар. Ондай пысықайлардың бір сыпырасы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын айналшықтап жүр. Кезекте тұрғандарды алдап-арбап, көлік рәсімдеуге қатысты қызметтің түр-түрін заңсыз ұсынады. Бағасы да арзан емес. Ондайлардың бірқатарын құзырлы органдар қолға түсірді, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Ел арасында автоцон аталып кеткен Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы. Карантинге қарамастан кісі қарасы қалың екен мұнда. Күмәнді тұлғалар көп күттірген жоқ. Көліктен түскен бетте қуалап жүріп, қызметтерін ұсына бастады.
"Переоформление жасаймыз машинаға. Қаншаға жасап бере аласыз? Жарты сағаттың ішінде жасап береміз. 10 мың болады. Сіздерде ЭЦП бар ғой иа? Заңды ма? Иа заңды ноутбукпен онлайн істеп береді. Ішке кіру керек пе? Сыртта машинада".
Сырттағы машинаның маңын торуылдап жүргендер жетерлік екен. Бәрі де шаруаңды әп сәтте шешіп беремін дейтіндердің сөзіне имандай сеніп тұр. Сенбегенде ше? Танысы бардың, қашанда шансы бар.
"Бізде базада іште таныс бар ғой. Сол арқылы шығып жатырмыз да біз. Сол істеп береді, біз мына жақтан жібереміз. Түсіндіңіз бе?"
Біз түсіндік-ау. Ал басшылық мұны қалай түсіндірер екен?
Дәулет Дүйсенбек, Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы:
"Бізде барлық бейнебақылау ғимараттың ішінде орналасқан. Ондай жалған ақпаратты беріп жатқандарына мен келіспеймін. Өйткені бұл кісілер осы жердегі тұтынушыларға айтып жүреді, мынаны істеп береміз, оны істеп береміз деп".
Айтпақшы, пысықайлардың қымсынғанын көрмедік. Қызметтерін ашықтан ашық ұсынып, ойқастап жүр. Халыққа қызмет көрсету орталығы мен полиция департаментінің бірлескен рейді барысында 10 шақты азаматты біздің көзімізше ұстады. Олардың барлығы кезекте тұрғандарға ақылы қызметтер ұсынып, заңсыз пайда тауып келген. Мамандар мұның зардабын былайша түсіндірді.
Еркебұлан Амантаев, "Азаматтарға арналған үкімет" МК Ішкі қауіпсіздік департаментінің бас маманы:
"Соларға сеніп тапсырылған электронды цифрлық қолтаңбасын болашақта өздері қолданып кетуі мүмкін. Біздің полиция қызметкерлері екі сақтандыру қызметін факт бойынша ұстады. Қызметкерлерді сақтандыру полюсі арқылы, халыққа мазасын алу арқылы өздерінің сақтандыру қызметін ұсынады".
Жүргізушілер орталықта кез келген қызметті тегін рәсімдей алады. Тек елдегі күрделі ахуалға байланысты жұмыс уақыты қысқарып, мамандар саны да бұрынғыдан азайған. Сол себепті кезек мәселесі туындапты.
Дәулет Дүйсенбек, Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы:
"АО Нит мамандарды реттеп жатыр, базада обновление болып жатыр. Қарастырып жатыр. Енді біз барынша ондай кісілдерді, бронсыз келгендерді де реттеп беріп жатырмыз".
Ардақ Жүнісов, қала тұрғыны:
"Халыққа қызмет көрсету орталығына жекеменшік автокөлігімді учеттан шешуге келіп едім таңертең. Очередь бар енді. 1 жарым сағаттың ішінде жұмыстардың барлығын ыңғайлап, бітіріп".
Алаяқтардың арбауына көбіне алыстан келгендер түсіп жатады екен. Ақшасының асып тасығанынан емес, кезек көп. Уақыт болса, тапшы. Осы орайда мамандар тегін берілетін қызметтер үшін босқа шығындалмай, уақыттарын тиімді пайдалануға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:43, 15 сәуір 2026
Нөсер жауын мен дауыл: 16 сәуірде қандай ауа райы күтеледі
-
18:31, 15 сәуір 2026
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Ресей мен Әзербайжан мәлімдеме жасады
-
18:18, 15 сәуір 2026
Ұлытау облысында полиция ірі ұрлықтың бетін ашты: күдіктілердің әрекеті видеоға түсіп қалған
-
18:00, 15 сәуір 2026
Ақтөбе әкімдігі шұғыл хабарлама жариялады: көшеде жүру қауіпті
-
17:44, 15 сәуір 2026
Алматыда жер сілкінісі кезінде эвакуация орындары жетіспейді – депутаттар шұғыл шаралар талап етуде





