ХҚКО-лар жаңа жұмыс тәртібіне көшті
Карантин жариялануына байланысты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс режимін өзгерту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды zakon.kz.
ХҚКО көрсететін қызметтер саны қысқартылады. Азаматтар онлайн ұсынылмайтын қызметтерді ғана ала алады. Осымен бірге, еліміздегі барлық ХҚКО сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болатын қызметтердің қатарында төлқұжат пен жеке куәлік алу, зейнетақы мен әр түрлі жәрдемақы тағайындау және т.б. бар. ХҚКО көрсететін қызметтердің толық тізімі қоса беріліп отыр.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы автоматтандырылған және электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы бот арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді алу барысында қандай да бір қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1414 Бірыңғай байланыс орталығына ұялы және стационарлы телефоннан хабарласа алады. Қоңырау соғу тегін. Бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "ҰАТ" АҚ, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ және "Қазақтелеком" АҚ бірлесіп, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын күшейтті.
Сонымен қатар, Министрлік Халыққа қызмет көрсету орталықтарына адам көп шоғырланатындықтан, азаматтарға ХҚКО-ға аса қажет болмаса бармауға кеңес береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады