Дубай әуежайына жасалған соққыдан зардап шеккендер бар

09:48, 1 наурыз 2026

© Сурет: wikimedia

2026 жылғы 1 наурызда БАӘ-дегі Дубай халықаралық әуежайына жасалған шабуыл салдарынан зардап шеккендер бар. Олардың барлығына медициналық көмек көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, әмірліктің баспасөз қызметі X әлеуметтік желісінде Дубай әуежайына Иран тарапынан соққы жасалғанын растаған.

"Жақында болған оқиға салдарынан әуежай терминалдарының бірі жеңіл зақымданды. Төрт қызметкер жарақат алды, оларға дереу медициналық көмек көрсетілді", – делінген хабарламада.

Қазақстан уақытымен сағат 04:25-тегі ақпаратқа сәйкес, Абу-Даби әуе айлағындағы оқиға салдарынан кемінде бір адам қаза тауып, жеті адам жараланғаны белгілі болды. Бұл туралы әмірлік әуежайларының операторы мәлімдеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!