«Халық Арена», «Алматы Арена» және бірқатар ірі нысан мемлекет меншігіне қайтарылды
© Сурет: Zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров 2024 жылғы 14 қарашада жекеменшік спорт нысандарының мемлекетке қайтарылғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мысалы, Алматыда бұрын мемлекет-жекеменшік әріптестік шеңберінде өтеусіз негізде жеке ұйымның басқаруында болған "Халық Арена" мен "Алматы Арена" нысандары (жер учаскелерінің ауданы - 15,9042 га, үй-жайлардың ауданы - 136 112,7 ш.м) коммуналдық меншікке қайтарылды.
Сонымен қатар, Атырау облысында "Мұз сарайы" (ауданы - 6 мың шаршы метр) спорт нысаны коммуналдық меншікке қайтарылды, ол 2018 жылы "Байбарыс-Атырау" хоккей клубын басқаратын жеке кәсіпкерге негізсіз берілген.
"Батыс Қазақстан облысында жеке ұйымның сенімгерлік басқаруындағы футбол алаңын қамтитын стадион мемлекеттік меншікке қайтарылды. Шымкентте 7 жыл бұрын 128 млн теңгеге сатылған "Мұз сарайы" спорт кешенінің үлесі (67%) де мемлекет меншігіне қайтарылды", - деді Биғайдаров.
Сондай-ақ, Жамбыл облысында 2017 жылы жекешелендіріліп, "Айша бибі" су добы клубы болып қайта құрылған ЖШС мемлекет меншігіне өтті (клубтың меншік нысаны КММ-ге қайтарылды).
"Сондай-ақ, жалған құжаттар негізінде спорттық атақтар беру фактілері анықталды", - деп атап өтті спикер.
Айта кетсек, 2019 жылы Алматы қаласы әкімдігі Алматы мұз ареналарын басқару бойынша мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында жеке әріптесті анықтау бойынша ашық конкурс өткізді. "Халық Арена" және "Алматы Арена" мемлекет-жекешеменшік әріптестігі шеңберінде басқару құқығы жекеге берілді. Онда да бұл арада "M-Line Property Management" ЖШС туралы сөз болған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:56, 14 қараша 2024
Қазақстандық тұтынушылар құқықтарын қорғау: қаптамада көбіне қандай ақпарат қамтылмайды
-
23:44, 14 қараша 2024
Әрбір тұтынушыға қамқорлықпен: Қазақстандағы сүт өнімдерінің қауіпсіздігі қалай тексеріледі
-
23:39, 14 қараша 2024
Сөрелердегі қауіпсіз тәттілер: қазақстандық тұтынушылар нені білуі керек
-
23:22, 14 қараша 2024
Дүкен сөрелеріндегі сүт өнімдері: сапа мен қауіпсіздік туралы не білу керек
-
23:03, 14 қараша 2024
Мамандар тамақ өнімі таңбаламасын қалай айырып, денсаулығыңызды қалай қорғауға болатынын айтты