Ғылым және жоғары білім министрлігіне бірқатар жаңа өкілеттік берілді
© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 12 тамыздағы Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
13 тамыздан бастап министрліктің өкілеттіктігіне мыналар кірді:
- Қазақстан аумағында білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және шетелдік оқу орындарын Қазақстанда тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын келісу;
- мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібі қағидаларын бекіту;
- мемлекеттік заңды тұлғалардағы басқару функцияларын орындауға байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы бекіту;
- азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сел, көшкін және қар көшкіні қауіптері мен тәуекелдерінің әртүрлі масштабтағы карталарын әзірлеу және қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- мүдделі мемлекеттік органдармен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органымен келісу арқылы, тиісті саланың уәкілетті органымен бірлесіп, оның басым ғылыми бағыттарын қамтитын ғылым қаласын дамыту стратегиясын әзірлеу және келісу.
25 тамыздан бастап ведомство мынадай функцияларды атқарады:
- мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ғылыми-зерттеу институттары, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары және өзге де аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулер мен жұмыстарға қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алынған ғылыми жабдықтарды пайдалану және ғылыми зертханаларға, ұжымдық пайдаланудағы зертханаларға, академиялық басымдық орталықтарына қолжетімділікті ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- ғылым бағыттары және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бағыттары бойынша ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
- ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы венчурлік қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сұратылатын қаржыландыру көлемінің (құнының) экономикалық негізділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
- ұлттық ғылыми кеңестер қараған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мониторингінің қорытындыларын бекіту;
- ұлттық ғылыми кеңестің шешіміне сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру көлемін (құнын) бекіту;
- ғылым қаласы мен ғылыми-технологиялық паркті дамыту стратегияларының іске асырылуын мониторингтейтін тұлғаны айқындау;
- ғылым қаласы мен ғылыми-технологиялық паркті дамыту стратегияларының іске асырылуын мониторингтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- ғылым қаласына қатысушылардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- мүдделі мемлекеттік органдармен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органымен келісу арқылы ғылым қаласына қатысушыларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
- ғылым қаласына қатысушыларды тіркеу, тіркеу туралы құжатты беру және оның нысаны қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- тиісті саланың уәкілетті органымен бірлесіп, ғылыми-технологиялық паркті дамытудың оның қызметінің басым ғылыми бағыттарын қамтитын стратегиясын әзірлеу;
- төтенше жағдайлардың алдын алу талаптарын орындау;
- ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшін даярлықтан өткен Қазақстан азаматының оқуын аяқтаған күннен бастап үш жыл ішінде мемлекеттік қызметте өтеу тәртібін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы бекіту.
Сонымен қатар, Ғылым және жоғары білім министрлігінің бірқатар функциялары нақтыланды.
Министрлік аппарат басшысының өкілеттіктері де бекітілді
Өзгерістерге сәйкес аппарат басшысы:
- министрлікке жүктелген мақсаттардың іске асырылуын ұйымдастырады;
- өз құзыреті шегінде министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
- министрлік пен оның ведомстволарының материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және қаржылық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
- министрліктің бірінші басшысымен келісілгеннен кейін штат саны лимиті шегінде министрліктің штат санын және штат кестесін бекітеді;
- министрліктің даму жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- бірінші басшымен келісу арқылы министрліктің департаменттері мен дербес басқармаларының басшыларын лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады;
- жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын жағдайларды қоспағанда, министрлік аппаратының мемлекеттік қызметшілерін лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады;
- министрліктің тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылық жасайды;
- қызметтік тәртіптің сақталуын бақылайды;
- министрлік аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
- мемлекеттік қызметшілердің іссапарға жіберілуі, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу және үстемеақы төлеу мәселелерін шешеді;
- министрліктің мемлекеттік сатып алу саласына жалпы басшылық жасайды;
- министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды қамтамасыз етіп, оны министрліктің бірінші басшысына ұсынады және бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындайды;
- министрліктің бірінші басшысы мен оның орынбасарлары қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылайды;
- жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдайды;
- мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді.
Қаулы 13 тамызданбастап күшіне енді, алайда жекелеген нормалар 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:20, 17 тамыз 2026
Алматының орталығында супермаркетке салынған қосымша құрылыс бұзылды
-
17:15, 17 тамыз 2026
Рыбакина WTA чемпиондық жарысында Cобеленконы артқа тастап, көш бастады
-
17:05, 17 тамыз 2026
Еркебұлан Анапия грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатында қола медаль үшін күреседі
-
16:58, 17 тамыз 2026
Бастауыш сынып оқушыларының білімі барлық пән бойынша бағаланады
-
16:53, 17 тамыз 2026
Бақытжан Базарбек өзі қатысқан жол апатына қатысты пікір білдірді





