Грузияға баратын қазақстандық жүргізушілерге жағымды жаңалық айтылды
© Фото: pexels
Қазақстан мен Грузия халықаралық жүк тасымалын жеңілдету бағытында тағы бір маңызды қадам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің мәліметінше, 2026 жылғы 22 шілдеден бастап екі ел халықаралық автокөлік тасымалдарына арналған рұқсат бланкілерімен e-Permit жүйесі арқылы электронды форматта сынақ режимінде алмаса бастайды.
Электронды рұқсаттарға көшу бюрократиялық рәсімдерді қысқартып, жүк тасымалының ашықтығын арттыруға және құжаттарды рәсімдеу үдерісін едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
Сонымен қатар тараптар электронды алмасу жүйесіне толық көшкеннен кейін рұқсат құжаттарына қойылатын шектеулерден толықтай бас тартуға дайын екенін растады.
Кездесу барысында екіжақты және транзиттік жүк тасымалын дамыту мәселелері де талқыланды. Тасымалдаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында Қазақстан мен Грузия 2026 жылдың өзінде қосымша 6 мың рұқсат бланкісімен алмасуға келісті.
Сондай-ақ 2027 жылға арналған алдын ала квота келісілді. Ол 20,5 мың рұқсатты құрайды, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 6 мыңға көп.
Еске салайық, 2026 жылдың мамыр айында Қазақстанда ауыр жүк көліктеріне қатысты бақылау күшейтілетіні хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:45, 21 шілде 2026
Жамбыл облысында өзбекстандық жас футболшылар жолда қалып қойды
-
19:23, 21 шілде 2026
Орталық Азия чемпионаты: қазақстандық волейболшылар кімдерге қарсы ойын өткізеді
-
19:01, 21 шілде 2026
Қазақстандық блогер Instagram-дағы бір видеосы үшін өтемақы төлеуге міндеттелді
-
18:42, 21 шілде 2026
Балқаш қаласының әкімі тағайындалды
-
18:37, 21 шілде 2026
Қазақстанда магистратураға түсуге өтініш қабылдау мерзімдері жарияланды





