Грузияда әйелдер чемодандарын сүйреп шеруге шықты

10:21, 26 қараша 2024

© Сурет: Х/mari_nikuradze

24 қарашада Тбилисиде чемодандарын сүйреген әйелдер наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz

Наразылық шеруіне қатысушылар чемодандарымен қаланы аралап, Грузияның бұрынғы премьер-министрі, кәсіпкер Бидзина Иванишвилидің шыны резиденциясының жанында қалдырды. Акцияны журналист Мариям Никурадзе өзінің х парақшасында жариялады.

Чемодан шеруі Иванишвили "Грузин арманы" партиясының жеңісіне наразы адамдардың барлығына шетелге кетуді ұсынғаннан кейін пайда болды.

Грузияда әйелдер чемодандарын сүйреп шеруге шықты , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2024 10:21

Сурет: Х/mari_nikuradze

"Біз қаламыз, сен кет!"- деп жазды шеруге қатысушылар плакаттарда.

Әйелдер 26 қазандағы парламенттік сайлаудың нәтижелерін жалған деп санайтындықтарын мәлімдеді, онда "Грузин арманы" басқарушы партиясы 53,9% дауыспен жеңіске жеткен болатын.

Бұған дейін Түркиядағы мұнай өңдеу зауытында жарылыс болғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!