Астанада әмбебап алаяқ 14 жылға түрмеге тоғытылды

12:26, 26 қараша 2024

© Фото: freepik

2024 жылғы 25 қарашада Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алаяқтық жасады (бірнеше рет) және ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деп айыпталған азаматқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот ақпаратына сүйенсек, 2022 жылдың желтоқсанында сотталушы Б. И.-ға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығымен келісіп, оның ағасына қатысты қылмыстық істі Астана қаласына жіберіп, одан әрі өндірісті тоқтату үшін 40 мың АҚШ долларын беру керек екенін айтты. Сотталушы аталған соманы И.-дан алып, яғни алдау арқылы алаяқтық жасап, 18,7 млн. теңгеге тең 40 мың АҚШ долларын ұрлаған.

Сотталушы Б. алдау арқылы алаяқтық әрекеттерін жалғастыра отырып, 2022 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы сәуірге дейін 46,4 млн. теңге сомасында ақша қаражатын:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерімен кездескен Б.-ның мейрамхана шоттары мен бос уақытына жұмсалған соманы төлеу;
  • Б. және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің іссапар шығындарын төлеу;
  • сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына қылмыстық іс бойынша И.-дың бауыры үшін кепіл енгізу;
  • сараптама жүргізу;
  • И.-дың бауырына қолданылған "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын "үй қамаққа" ауыстыру үшін жымқырған (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы).
"Осылайша ол әдейі И.-ды алдап, оған ақша алу мақсаттары туралы жалған ақпарат берді",- делінген сот ақпаратында.

Сондай-ақ, ол А. және С. жәбірленушілеріне қатысты бірнеше рет ірі мөлшерде алдау арқылы алаяқтық жасаған. А., 2023 жылғы қыркүйектен бастап 2024 жылғы қаңтар айына дейін сотталушыға әртүрлі сомада жер учаскесін алу үшін барлығы 3,7 млн. теңгеден астам соманы берген. Ал, С., 2024 жылғы наурыздан маусымға дейін сотталушыға әртүрлі сомада Ресейде есепте лизингте тұрған 5 Ресейлік автокөлікті Қазақстандық есепке қою үшін барлығы 4,9 млн. теңге берген.

Бұдан басқа, сотталушы Б. 2024 жылғы наурызда жәбірленушілер Ж. (2,2 млн. теңге) және Д.-дан (2,2 млн. теңге), олар жүргізуші куәлігін алу үшін берген ақша қаражатын алдау жолымен ұрлап әкеткен.

"Сот үкімімен сотталушы Б. ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 28-бабының 4-бөлігі – 367-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, түпкілікті 14 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды",- деп мәлімдеді сот.

Мемлекет кірісіне 9,2 млн. теңге түріндегі пара нысанасы өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етуде екені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!