Грекияда өткен кинофестивальде қазақстандық фильм жүлде алды
Отандық режиссер Әділхан Ержановтың «Дүниеге деген бейжайлылық» атты туындысы Афина қаласында өткен «31-ші Халықаралық Еуропалық киноларының панорамасы» кинофестивалінде жүлде алды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Грекия астанасында 22 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өткен іс-шарада елуден астам көркем және қысқаметражды фильмдер көрсетілді.
А.Ержановтың драмасы аталған конкурстың финалына өтіп, қазылар алқасы 11 кинотуындының (2 грекиялық және 9 шетелдік) ішінен үздігін таңдады. Мәдени додаға өз киноленталарын жолдаған елдер қатарында Грекия, Франция, Қазақстан, Польша, Нидерланды, Ресей, Германия мен Хорватия болды.
«Дүниеге деген бейжайлылық» фильмі екі жас кейіпкер Қуандық пен Салтанаттың ауылдан үлкен шаһарға келіп, қоғамның заманауи сын-тегеуріндеріне қарсы төтеп беру қадамдарын баяндайды.
Жүлдегерлердің есімдері 5 желтоқсанда анықталды.
«Үздік фильм» номинациясын Әділхан Ержановтың туындысы мен ресейлік режиссер Елизавета Стишованың «Сүлеймен тауы» фильмі иемденді. Фестивальдің жабылу салтанаты «Канн кинофестивалінің» жеңімпазы - басты рөлге қазақстандық актриса Самал Еслямова түскен Сергей Дворцевойдың «Айка» туындысының көрсетілімімен аяқталды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады