Головкин мен DAZN келісімі сынға ұшырады

12:36, 19 наурыз 2019

Супер орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Калеб Труакс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің DAZN стримингтік сервисімен жасасқан келісімшартын ақылға қонымсыз деп санайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

"Мен оның үш жылдық келісімшарт жасасқанына таң қаламын. Оның жасы 36-да, сол себепті мұндай келісім шынымен де таңғаларлық қой. DAZN-ның да мұндай ұзақ мерзімге келісімшарт жасағаны қызық екен", - деді Труакс Express.co.uk-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкиннің DAZN стримингтік сервисімен жасасқан келісімшарты үш жылға арналған. Бұл мерзімде ол әр жыл сайын екеуден - барлығы алты жекпе-жек өткізеді.

Алғашқы кездесу маусымда болады, алайда қарсыласының есімі мен жекпе-жек уақыты әзірге жарияланған жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!