Ғалымдар әлемдегі ең ірі бауырымен жорғалаушыны тапты, ол көп күш жұмсамай-ақ мұхитты кезіп өте алады
© Сурет: pexels
Торқалы қолтырауын - әлемдегі ең ірі бауырымен жорғалаушы. Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіндегі көптеген аралдарда өмір сүретін олар қауіпті жыртқыштар тізімінің көш басында, деп хабарлайды Zakon.kz.
IFLScience басылымының жазуынша, 2010 жылы Квинсленд университеті, Квинсленд мемлекеттік парктер мен жабайы табиғатты қорғау қызметі және Австралия зообағының ғалымдары зерттеу жүргізген.
Олар 27 ересек қолтырауынға сонарлық бергіштер орнатып, олардың қозғалысын су астындағы қабылдағыштар арқылы бақылады. Осылайша жыртқыштар туралы 1,2 миллион дерек жинақталды.
Зерттеушілердің айтуынша, қолтырауындар ұзақ сапарға мұхит толқыны басталғаннан-ақ шығады. Ағын олардың "жүзуіне" мүмкіндік береді. Толқын бәсеңдесімен олар жағаға шығып, келесі толқынға дейін күтеді.
Ғалымдар торқалы қолтырауындар нашар жүзетінін, бірақ тұзды суда ұзақ уақыт бойы қорексіз және судың өзінде өмір сүре алатынын атап өтті. Сол себепті олар тек қолайлы ағындар кезінде ғана қозғала алады.
Осылайша, 3,84 метрлік бауырымен жорғалаушылар маусымдық ағындарды пайдаланып, 25 күнде Кейп-Йорк түбегінің батыс жағалауына 590 километр қашықтықты жүзіп өткен.
Бұған дейін Малайзияда тасқын су салдарынан мыңдаған адам эвакуацияланғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:50, 12 қаңтар 2026
Алматыдағы крематорий жақын арада іске қосылады
-
14:44, 12 қаңтар 2026
Қайырымдылық саласында құрметті атақ беру ережесі жаңартылды
-
14:33, 12 қаңтар 2026
Ақауы бар жолдар: Қазақстандықтар жаңа учаскелерде төлемнен босатылады
-
14:33, 12 қаңтар 2026
Ақаулы жолдар: Қазақстандықтар жаңа учаскелерде төлемнен босатылады
-
14:21, 12 қаңтар 2026
Қазақстанда әскери қызметке шақыру ережесі жаңартылды





