Фурманов шыңынан домалап кеткен жасөспірімді құтқарушылар зембілге салып, эвакуациялады

17:58, 21 сәуір 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ

21 сәуірде РЖҚЖ құтқарушылары мен қаланың құтқару қызметі туристерге көмек көрсету үшін Іле Алатауына аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, 2004 және 2005 жылы туған екі ер адам Фурманов шыңына көтеріліп бара жатқанда, бірі төмен қарай домалай құлаған, екіншісі борпылдақ жерде қалып, ол арадан өздігінен түсе алмаған.

"Құтқарушылар зардап шеккен адамды тасымалдап, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды", делінген ТЖМ хабарламасында.


Айта кетсек, 21 сәуірде түнде құтқарушылар Малайсары асуына саңырауқұлақ теруге шығып, үйлеріне оралмаған екі ер адам мен бір баланы іздеп тапты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!