Францияда мектеп оқушыларының наразылығы салдарынан жүздеген адам зардап шекті

22:52, 6 қазан 2026
MKZ: 1570909

© Сурет: magnific.com

Францияда жалғасып жатқан жаппай наразылық акциялары барысында кемінде 215 оқушы мен білім беру саласының 85 қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Le Figaro басылымы ел премьер-министрі Себастьян Лекорнюге сілтеме жасап, зардап шеккен білім беру саласы қызметкерлерінің саны кейінгі бірнеше онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіш болғанын жазды.

Сонымен қатар наразылық акциялары кезінде 715 жандарм мен полиция қызметкері жарақат алған. Басылым мәліметінше, құқық қорғау органдарының көп қызметкері қорлау мен қоқан-лоқыға да тап болған.

Францияда мектеп оқушыларының наразылығы бірнеше күннен бері жалғасып келеді. 6 қазан, сейсенбі күні ұйымдастырушылардың мәліметінше, ел бойынша өткен акцияларға шамамен 450 мың адам қатысқан. Ал Францияның Ішкі істер министрлігі қатысушылар санын 256 мың деп бағалады.

Наразылықтарға байланысты Лекорню 7-9 қазан аралығында лицейлердегі сабақтарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Осы кезеңде оқу орындарының басшылары оқушылармен кездесулер ұйымдастырып, олардың талаптары мен мәселелерін талқылауға тиіс.

Бұған дейін Понтуаз прокуратурасы Сен-Уэн-л'Омон қаласында 14 жастағы оқушыны ауыр жаралаған полиция қызметкеріне айып таққан еді. Тергеу нұсқасына сәйкес, полицей гранатаатқыш қолданған, салдарынан жасөспірімнің беті ауыр жарақаттанған. Полиция қызметкері сот бақылауына алынып, қызметін уақытша атқарудан шеттетілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!