Әзірге сайлау туралы сауалнама жасаған екі адамға штраф салынды
Бас прокуратура қазақстандықтарды әлеуметтік желілерде сайлау нәтижелеріне байланысты сауалнамалар жүргізбей-ақ қоюға, осылайша заңды бұзбай жүруге шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
– Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ел Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында заңдылықты, оның ішінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңда көзделген қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу шарттарының сақталуын ерекше бақылауда ұстауда, – делінеді хабарламада.
Әлеуметтік желілерде осындай сауал салуларды жүргізу байқалады. Аталған фактілер бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
– Атап айтқанда, "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде сайлау бойынша қоғамдық пікірге сауал салған (ӘҚБтК 120-бабы 3-тармағы) Алматы қаласының тұрғыны а.ж. 17 мамырда 15 АЕК мөлшерінде (37 875тг) айыппұл төлеуге тартылған. Осыған ұқсас "Facebook" әлеуметтік желісінде жасалған құқық бұзушылық үшін Алматы облысының тұрғыны әкімшілік жауаптылыққа тартылды, – делінеді.
Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарға сайлау процесі барысында заңдылықты сақтау қажеттілігі және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабында сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзғаны үшін жауаптылық көзделгені туралы еске салады.
Бұл ретте, азаматтарға мұқият болып, әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын үшінші тұлғаларғдың құқыққа қайшы мақсаттарда пайдалануына жол бермеу ұсынылады.
ҚР Президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Сайлауалды үгіт-насихат 11 мамырда басталып, 8 маусымға дейін сағат 00.00-де аяқталады. 8 маусым – тыныштық күні. Кез-келген үгіт-насихат заңсыз болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады