Еуропа жаңа еуро шығарғалы жатыр

10:59, 7 желтоқсан 2021

© Сурет: pixabay

Жаңа банкнотта ұлттық дизайн қолданылмақ

Бірыңғай еуропалық валютаның дизайны өзгереді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ондағы мақсат – купюра арқылы жаңа Еуропаның құндылықтарын дәріптеу және биткоин дәуірі мен қолма-қол ақшасыз төлемге өткен заманда қағаз ақшаның ғұмырын ұзарту, деп жазды бұл мәлімдеме туралы BBC News.

Еуропалық орталық банк еуроның жаңа дизайнын жасауға жарты миллиардтай еуропалықты жұмылдырған.

Банкноттың дизайнын қайта жасаудағы мақсат – оны шығу тегі әртүрлі және барлық жастағы заманауи еуропалықтарға жақындата түсу. Еуропалық орталық банк басшысы Кристин Лагард

Қолданыстағы еуро жақында ғана жаңартылған, алайда айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Бар болғаны 500 еуро алынып тасталды және еуроаймақтың ұлғаюына байланысты картаға Мальта мен Кипр енгізілді. Қалғаны бұрынғы қалпында қалған.

Қазіргі банкноттарда ашықтық пен серіктестіктің символын білдіретін терезелер, есіктер мен көпірлер бейнеленген. Олар еуропалық архитектураның нақты бір ескерткішіне жатпайды, классицизм, готика, барокко сынды түрлі кезеңдердің схемалық үлгілері ғана.

Жаңа купюралардың қандай дизайнда шығарылатыны 2024 жылы белгілі болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!