ЕуроОдақ Трамптың тариф саясатына жауап беруге дайын

15:54, 3 сәуір 2025

© Сурет: pixabay

Вашингтонмен тариф саясатына қатысты келіссөз сәтсіз болса, ЕуроОдақ қарсы шаралар қабылдауға дайын. Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен осылай деп мәлімдеді.

Бұған қоса, ол АҚШ-тың бұған дейін болат пен алюминийге баж салығын енгізуіне қарсы шаралардың алғашқы легі дайындалып жатқанын айтты, деп жазады qazaqstan.tv.

Оған сай ЕуроОдақ америкалық тауарларға 28 миллиард доллар көлемінде тариф енгізбек.

"Президент Трамптың Еуропалық Одақты қоса алғанда күллі әлемге әмбебап тарифтерді жариялауы әлем экономикасына ауыр соққы болды. Оның бұлай жасауы өкінішті. Ауыр салдары болары анық. Тұтынушылар да оны бірден сезінеді. Миллиондаған адам үшін азық-түлік, дәрі-дәрмек қымбаттайды. Инфляция да жоғарылайды." Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия төрағасы

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!