«Еуразия» Бірінші арнасында жаңа ток-шоудың тұсауы кесілді

13:13, 15 қыркүйек 2021

© Сурет: видеодан алынды

"Еуразия" Бірінші арнасында "Koremiz" ток-шоуының алғашқы эфирі көрермендерге жол тартты,- деп хабарлайды zakon.kz.

13 қыркүйекте аталған арнада жаңа жобаның тұсауы кесілді. Алғашқы эфирде амалы таусылған 43 жастағы келіншек балаларының әкесіне іздеу салады. Жағдайы нашарлап кеткен әйелдің ендігі үміті алимент өндіру екен. Заңды некеге тұрмаған келіншектің ендігі тағдыры қалай болатыны "Koremiz-дің" алғашқы эфирінде кеңінен талқыланады.

Алматы тұрғыны Кербез Үсенбекова қалқанша безі қатерлі ісігіне шалдыққан. Үш перзентін жалғыз өзі он төрт жыл бойы баққан. Ауруы асқынып бара жатқан ана балалары жетім қала ма деп қорқады. Сондықтан енді балалардың әкесін іздеуге мәжбүр. "Koremiz-дің" сарапшылары Кербездің проблемасын шешуге көмектесе ала ма? Балалардың әкесі қазір қайда жүр? Ол неге алимент төлемейді? Осы және өзге сұрақтардың жауабын білу үшін ток-шоуды "Еуразия" Бірінші арнасының YouTube арнасынан тамашалай аласыздар.

Айта кетсек, “Еуразия” Бірінші арнасынандағы "Koremiz” ток-шоуы күн сайын, кешкі сағат 19:00-де беріледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!