Әуежайдан қашқан министрлік қызметкері тапсырған ПТР-тест нәтижесі белгілі болды

12:05, 26 қазан 2020

Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кеткен ерлі-зайыптылардың коронавирусқа байланысты тапсырған ПТР-тест нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Көліктегі бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, екеуінің де ПТР-тест сараптамасы КВИ диагнозын растамады.

23 қазанда Мысырдан ұшып келген Нұр-Сұлтанның екі тұрғыны әуежайдан қашып кетті. Кейінірек қашқан адамдардың ерлі-зайыптылар екендігі белгілі болды. Олардың бірі - ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің қызметкері. Министрлік бұл жайтқа байланысты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!