Әскерге шақырылғандарды медициналық тексеруден өту талабына бірқатар өзгеріс енгізілді

10:45, 17 ақпан 2020

Наурыздың бірінен елде жасы жеткен азаматтар Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге шақырылады. Биыл медициналық тексеріс талаптары өзгерген. Бірқатар жаңашылдық бар, деп хабарлайды "Хабар-24".

Енді болашақ жауынгерлердің денсаулығына да жіті мән беріледі. Жас жігіттердің қалқанша безі, іш құрылысы, жүрегі мұқият тексеріледі.

2020 жылы әскерге 34 мыңнан аса азамат шақыртылмақ. Ұландар Қарулы Күштер қатарына, Ұлттық Ұлан сапына, Шекара және Мемлекеттік күзет қызметтеріне алынады.

Сергей Кузнецов, ҚР ҚК Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары:

- Әскерге іріктеу үшін өңірлердегі қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде комиссия құрылып жатыр. Негізгі талап - бұрынғы. Дегенмен ішінара кейбір өзгерістер бар. Мәселен, десанттық шабуылшы болғысы келетіндердің, ең алдымен, физикалық дайындығы ескеріледі. Спортшыларға, бойы ұзындарға басымдық беріледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!