Әскерден оралған азамат күтпеген жерден айыппұл алған
© Фото: pexels
Жамбыл облысының Талас аудандық соты әскерде жүрген кезінде тұрғылықты жері бойынша тіркеуде болмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтің ісін қарап, оған тағылған айыптың орынсыз екенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 2026 жылдың маусым айында Қаратау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында болған. Тексеру барысында қызметкерлер азамат К.-ның тұрғылықты жері бойынша тіркеуде жоқ екенін анықтаған.
Ер адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, 15 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Шешіммен келіспеген азамат сотқа шағым түсірді.
"Ол 2025 жылдың маусым айынан бастап Ұлттық ұланда әскери қызмет өткергенін, ал 2026 жылдың маусымында қызмет мерзімі аяқталған. Әскери қызметте жүрген кезінде әкесі оны тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарған. Тіркеуден шығарылғанын ол әскери қызметін аяқтағаннан кейін ғана білген", – деді соттың баспасөз қызметі.
Азаматтың әскери қызмет өткергені сотқа ұсынылған құжаттармен толық расталды.
Іс материалдарын қараған сот уәкілетті органның лауазымды тұлғасы істің барлық маңызды мән-жайын зерттемегенін және мәселені объективті қарауға кедергі келтірген процессуалдық заң бұзушылықтарға жол бергенін анықтады.
Нәтижесінде Талас аудандық соты азаматтың шағымын толық қанағаттандырып, оған салынған айыппұл туралы қаулының күшін жойды және әкімшілік істі тоқтатты. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Бұған дейін қазақстандықтарға әкімшілік айыппұлдарды мемлекеттік органдарға бармай-ақ онлайн тексеріп, төлеуге болатыны туралы жазған болатыныз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:39, 19 тамыз 2026
Тамыздағы ҰБТ қорытындысы: қанша талапкер шекті балл жинады
-
13:24, 19 тамыз 2026
Қазақстанда соңғы бес жылда ең төменгі және орташа жалақы қалай өзгерді
-
13:15, 19 тамыз 2026
Қазақстан ұлттық паркіндегі тосын кездесу: жыртқыш пен жемтік бір суаттан табылды
-
13:08, 19 тамыз 2026
Қызғалдақтарға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасалды
-
12:57, 19 тамыз 2026
Шымкенттік жүргізуші полицейлерден кек алу үшін жалған хабар берген





