Тамыздағы ҰБТ қорытындысы: қанша талапкер шекті балл жинады
© Фото: tirshilik-tynysy.kz
Қазақстанда тамыз айында өткен Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің (ҰБТ) алдын ала қорытындысы шығарылды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі шекті балл жинаған талапкерлердің санын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, тестілеуге 27 мыңнан астам талапкер қатысты. Олардың 53%-ы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа нәтиже 55 баллды құрады.
Ал тамыздағы ҰБТ-да ең жоғары көрсеткіш 136 балл болды.
Тестілеуге ерекше білім беру қажеттіліктері бар 98 талапкер де қатысты. Олар үшін қажетті жағдайлар жасалды.
Емтихан барысында тәртіп бұзу фактілері де тіркелді. Мамандар жалпы 66 заң бұзушылықты анықтаған.
"Смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекет жасағаны үшін 30 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ереже бұзған 36 адам аудиториядан шығарылды. Бөгде тұлғалардың орнына тест тапсыру жағдайы анықталған жоқ", – деп хабарлады ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Тексеру мұнымен аяқталмайды. 2026 жылғы 31 қазанға дейін мамандар тестілеу барысындағы барлық бейнежазбаларды егжей-тегжейлі талдайды.
Егер бейнежазбалардан тыйым салынған гаджеттерді жасырын пайдаланған немесе шпаргалка қолданған талапкерлер анықталса, олардың нәтижелері шағымдану құқығынсыз жойылады.
Колледж түлектеріне де арнайы мүмкіндік қарастырылған. Егер олар өз мамандығы бойынша университетте ақылы түрде оқуын жалғастырғысы келсе, ҰБТ тапсырмай-ақ, әңгімелесу арқылы оқуға түсе алады. Бұл жағдайда қабылдауды университеттердің қабылдау комиссиялары жүргізеді.
7 тамызда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімінжариялаған болатын. Оған сәйкес, Қазақстан жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне 75 мыңнан астам талапкер ие болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:32, 19 тамыз 2026
Этери Тутберидзе фотомодель атанды
-
14:32, 19 тамыз 2026
Қазақстандық блогер Instagram-дағы видеосы үшін полицияға түсті: іс немен аяқталды
-
14:26, 19 тамыз 2026
Астанада тыныштықты бұзған әйел жауапқа тартылды
-
14:22, 19 тамыз 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев тоғыз мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
-
14:19, 19 тамыз 2026
Аптап пен нөсер: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы құбылады





