Есірткі мен қару, валюта: ҰҚК шекарада анықталған бірқатар бұзушылықтарды ашты

11:52, 6 қаңтар 2026

© Сурет: YouTube/shekaraknb_kz

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті бүгін, 2026 жылғы 6 қаңтарда Шекара қызметінің өткен жылғы іс-қимыл нәтижелері туралы деректерді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК Шекара қызметі 2025 жылы құзыретті органдармен өзара іс- қимыл жасай отырып, Мемлекеттік шекараны қорғау мен күзетуді қамтамасыз ету шеңберінде:

- Шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 52 мыңнан астам адамды жауапқа тартты.

- Тауарлар мен жүктердің мемлекеттік шекара арқылы заңсыз қозғалысының 17 541 фактісінің алдын алды, оның ішінде:

  • есірткі заттары – 344 факті (1,5 тоннадан жоғары);
  • қару мен оқ-дәрілер – 847 факті;
  • діни әдебиеттер – 315 факті;
  • жанар-жағармай материалдары – 5 900 факті;
  • халық тұтынатын тауарлар – 8 083 факті;
  • валюталар – 2 052 факті.

Каспий теңізінің су айдынында 607 браконьерлік фактінің жолын кесті, нәтижесінде:

  • жүзу құралдары – 226 бірлік;
  • браконьерлік аулау құралдары – 580 км тор;
  • бекіре тұқымдас балық түрлері – 2 376 дана;
  • қара балық түрлері – 7 193 дана;
  • итбалықтар – 24 дана.
"Алдын алған залалдың жалпы сомасы 75 млрд теңгеден астамды құрады",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, жыл бойында ҰҚК Шекара қызметі Қазақстанның құқық қорғау органдарымен және шетелдік серіктестерімен өзара іс-қимыл жасап, келесі шараларға қатысты.

  • 48 шекаралық,
  • 2 ведомствоаралық (есірткінің заңсыз айналымы мен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл),
  • 5 халықаралық операцияға (ШЫҰ, Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі, Каспий теңізінің су айдынындағы заңсыз іс-әрекеттерді тоқтату шеңберінде).

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!