Есік көліндегі бөгет мемлекет меншігіне қайтарылуда
© Сурет: pexels
Алматы облысының әкімдігі инвестордың нысанды қауіпсіз пайдалану және жаңғырту жобасын іске асыру жөніндегі міндеттемелерін орындамауына байланысты Есік көліндегі бөгет бойынша "Habel" ЖШС-мен жасалған сенімгерлік басқару шартын бұзды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 8 мамырда облыс әкімдігі мәлімдеді.
"Есік көліндегі бөгет пен оған іргелес аумағы 140 гектардан асатын стратегиялық маңызы бар гидротехникалық нысан ұзақ жылдар бойы күрделі жаңғырту мен кешенді қалпына келтіру жұмыстарын қажет етуде. Сондықтан 2024 жылдың соңында ашық тендер қорытындысы бойынша бөгет пен оған іргелес аумақ сатып алу құқығынсыз 49 жыл мерзімге "Habel" серіктестігіне сенімгерлік басқаруға берілген",- делінген ақпаратта.
Инвестор жоба аясында бөгетке көпфакторлы зерттеу жүргізу, гидротехникалық құрылысты реконструкциялау, мониторинг және қауіпсіздік жүйелерін енгізу, тазарту жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ туристік инфрақұрылымды дамытуы қажет елі. Бірінші кезең аясындағы басты міндет нысанның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ықтимал сел жүру мен жақын маңдағы елді мекендерге төнуі мүмкін қауіп-қатерлерге байланысты тәуекелдерді төмендету болды.
Алайда жүргізілген тексеру нәтижесінде шарт талаптарының сақталмағаны анықталды.
"Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі мәселелері мемлекеттің ерекше бақылауында. Сенімгерлік басқарушы нақты инвестициялық және пайдалану міндеттемелерін өз мойнына алғанымен, көзделген жұмыстардың едәуір бөлігі орындалмаған. Заңбұзушылықтар анықталғаннан кейін дауды сотқа дейін реттеу рәсімдері жүргізіліп, кемшіліктерді жоюға уақыт берілді. Соған қарамастан, қабылданған міндеттемелердің орындалмауына байланысты шарт біржақты тәртіппен тоқтатылды". Алматы облысы әкімдігі
Белгілі болғандай, жоспарланған 245 миллион теңге инвестицияның алғашқы жылы іс жүзінде небәрі 11,4 миллион теңгесі ғана салынған, бұл көзделген көлемнің 5 пайызынан да аз. Сонымен қатар, жоспарланған жұмыс орындары ашылмаған.
Бұдан бөлек, 2025 жылдың қарашасына дейін дайындалуы тиіс бөгетті көпфакторлы зерттеу қорытындысы белгіленген мерзімде ұсынылмаған, сондай-ақ міндетті жылдық есеп тапсырылмаған. Жарияланған көлемде нақты қызметтің жүзеге асырылмауы бюджетке түсетін күтілген салық түсімдері мен өзге де кірістердің толық көлемде түспеуіне әсер етті.
"Қазіргі уақытта нысанды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде. Нысанға қатысты алдағы шешімдер қауіпсіздік талаптары мен мемлекеттік мүдделерді ескере отырып қабылданатын болады",- деп мәлімдеді ведомство.
Бұған дейін Алатау қаласы ерекше мәртебе алғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 8 мамыр 2026
Алматыда пневматикалық қару және пышақтар тәркіленді
-
18:02, 8 мамыр 2026
Тоқаев Мәскеудегі Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған іс-шараларға қатысады
-
18:00, 8 мамыр 2026
Төтенше жағдай туындауы мүмкін: қала билігі алматылықтарға ескерту жасалды
-
17:53, 8 мамыр 2026
«Бәйтерек» маңында әдепсіз фото түсірген 19 жастағы астаналық қамауға алынды
-
17:38, 8 мамыр 2026
+36°С-қа дейін аптап ыстық пен жаңбыр: 9 мамырда елде ауа райы қандай болады





