Тоқаев Мәскеудегі Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған іс-шараларға қатысады
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады.
"Кремль Қазақстан Президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасайтын жұмыс сапарын достық қадам деп атады", - делінген хабарламада.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған.
Смадиярдың жазуынша, Мемлекеттер басшылары Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:20, 8 мамыр 2026
Алматыда қауіпті дрифт жасаған жүргізушілер ұсталды
-
19:12, 8 мамыр 2026
Найзағай, жаңбыр, бұршақ, дауыл: 9 мамырда қай өңірлерде ескерту жасалды
-
19:02, 8 мамыр 2026
Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Астанадағы жалғыз соғыс ардагерін мерекемен құттықтады
-
18:58, 8 мамыр 2026
Үкімет микро және шағын бизнеске арналған салықтық қолдау шараларын биыл да жалғастырады
-
18:49, 8 мамыр 2026
Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты бір көше уақытша жабылады





