Әсет Исекешев Президент Әкімшілігінің жаңа басшысы болып тағайындалды

09:01, 11 қыркүйек 2018

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Елбасы жарлығымен Президент Әкімшілігінің жаңа басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Астана қаласының әкімі қызметінен босатылсын», - делінген хабарламада.

Әсет Өрентайұлы Исекешев 1971 жылы 17 тамызда Қарағанды қаласында туған.

2008 жылдың ақпанында Қазақстан президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2009 жылдың мамырынан – ҚР индустрия және сауда министрі.

2010 жылдың наурызынан – ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылдың қаңтарынан – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылдың қыркүйегінен – ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2014 жылдың тамызынан – ҚР инвестициялар және даму министрі.

2016 жылдың 21 маусымында Астана қаласынің әкімі болып тағайындалды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!