Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы болып тағайындалды
© Сурет: primeminister.kz
2026 жылғы 24 қарашада Ерсайын Нағаспаев "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ өзінің ресми Telegram-арнасында хабарлады.
"Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының шешімімен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды".
Ерсайын Нағаспаев Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген.
2025 жылғы ақпаннан бері ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарды. 2021–2025 жылдары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында басқарушы директор болып жұмыс істеген.
Әр жылдары Инвестициялар комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінде еңбек еткен. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде және "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басшылық қызметтер атқарған.
Сондай-ақ Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары және "Астана" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы болған.
Осыдан сәл бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:52, 24 қараша 2026
Алматыда пәтер жалдамақ болған ондаған адам алаяққа алданып қалды
-
12:50, 24 қараша 2026
Қазақстанда байланыс саласына салынатын инвестиция үш жылда 1,3 трлн теңгеден асады
-
12:43, 24 қараша 2026
ҰҚК есірткіге қарсы операцияларда 1,3 тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 45 адам ұсталғанын хабарлады
-
12:32, 24 қараша 2026
Игорь Лепеха Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды
-
12:21, 24 қараша 2026
Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін 3G-ден толық бас тартуды жоспарлап отыр





