Ерлан Карин «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы» атты халықаралық симпозиумға қатысты
© Сурет: akorda.kz
Мемлекеттік кеңесші "Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер" атты халықаралық симпозиумға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл симпозиумды өткізу туралы бастаманы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында көтерген еді.
Президент алқалы жиында: "Қожа Ахмет Ясауи мұраларын терең зерделеп, дәріптеуге де айрықша назар аударған жөн. Бұл мәселе бойынша ең әуелі өз еліміздің және шетелдің ғалымдарын шақырып, арнайы симпозиум өткізу қажет" деген болатын.
Ерлан Қарин Мемлекет басшысының симпозиумға қатысушыларға арналған құттықтау хатын оқыды.
Мемлекеттік кеңесші бұл симпозиум Ясауидің гуманистік идеяларын жүйелі зерттеуге және рухани-зияткерлік мұрасын насихаттауға зор үлес қосатынын атап өтті.

Сурет: akorda.kz
Жиынға еліміз бен Әзербайжан, Германия, Үндістан, Иран, Италия, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және Жапония елдерінен келген жүзге жуық белгілі ғалымдар қатысып жатыр. Симпозиумдағы тақырыптық секциялар аясында Ясауи мұрасының түрлі қырларын қамтитын ғылыми баяндамалар жасалып, пікірталастар болады. Сондай-ақ ғалымдар өзара тәжірибе алмасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:09, 19 желтоқсан 2025
Альпі тауының етегінде салынатын зәулім ғимарат жобасы таныстырылды
-
12:57, 19 желтоқсан 2025
Пандемия басталуы мүмкін: вирусологтар жаңа кезеңге дайындалуда
-
12:44, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір күнде екі тұрғын суицид жасады
-
12:39, 19 желтоқсан 2025
ІІМ: Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дерегі анықталды
-
12:24, 19 желтоқсан 2025
Елордада полицейлер тұрғынның көлігінен ірі көлемде гашиш тәркіледі





