Еркін күрестен ел қоржыны тағы бір лицензиямен толықты

20:31, 19 сәуір 2024

© Сурет: olympic.kz

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирде отандасымыз Юсуп Батырмұрзаев Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, еркін күрестен 125 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Батырмұрзаев жартылай финалда бахрейндік Шамиль Могамед Шариповты жеңді. Есеп - 7:3.

Осылайша ол Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді.

Батырмұрзаев осымен екінші рет Олимпиадаға қатыспақ. Бұған дейін ол Токио ойындарына да қатысқан болатын.

Айта кетсек, әзірге, еркін күрес шеберлерінде осымен үш жолдама бар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!