Еркін күрес: қазақстандық балуан Олимпиаданың жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды
© Сурет: olympic.kz
Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
97 келіге дейінгі салмақта белдескен Әлішер Ерғали ширек финалда бахрейндік Ахмед Тажудиновке есе жіберген болатын. Жұбаныш белдесуіне қатысу үшін Әлішер қарсыласының финалға дейін сүрінбей жетуін күтті.
Тажудинов болса, жартылай финалда әлем және Олимпиада чемпионы, америкалық Кайл Снайдермен кездесіп, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Енді Әлішер Ерғали ирандық Азарпира Амиралимен жұбаныш белдесуінде бақ сынайды. Белдесу Астана уақытымен 14:00-ге жоспарланған.
Егер жұбаныш белдесуінде жеңіске жетсе, қола медальға таласу мүмкіндігі пайда болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:19, 9 қыркүйек 2024
ІІМ Шымкентте полиция бастығының ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
-
17:10, 9 қыркүйек 2024
V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан қос алтын медальға ие болды
-
17:10, 9 қыркүйек 2024
V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан алғашқы алтын медальға ие болды
-
17:06, 9 қыркүйек 2024
Оқу-ағарту министрлігі Маңғыстаудағы оқушылардың жаппай улануына кім жауапты екенін айтты
-
17:00, 9 қыркүйек 2024
Алматыдағы базар маңында жасырын ұйымдастырылған вейп сататын орын жойылды