Ер адам Мысырдан Шымкентке 200-ден астам діни кітап әкелмек болған

18:07, 9 тамыз 2022

Шымкент. 9 тамыз. 7kun.kz – Шымкент әуежайында көлік полицейлері 31 жастағы ер адамнан 200-ден астам діни кітаптарды тәркіледі, деп хабарлайды 7kun.kz. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2022 жылдың 5 шілдесінде Шымкент қаласының әуежайында Шарм-эль-Шейх-Шымкент халықаралық рейсінің келуін тексеру барысында Түркістан қаласының 31 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру барысында 222 дана діни мазмұндағы кітап табылып, тәркіленді», – делінген хабарламада.

Шымкент станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК — нің 3-тармағының 1-бөлігінің 490-бабы (Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, дайындау, шығару, басып шығару және тарату) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

2 тамызда Шымкент қаласының әкімшілік соты ер адамға 50 АЕК (153 450 теңге) айыппұл салды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!