Ер адам көлігін ұрлап кетпес үшін үйінің шатырына «жасырып» қойған

12:04, 8 қыркүйек 2026
MKZ: 1565727

© Сурет: pexels

Үндістан тұрғыны көлігін ұрлап кетеді деп қорқып, кранның көмегімен жол талғамайтын көлігін үйінің шатырына көтеріп қойған. Оның көлікті шатырда қанша уақыт ұстайтыны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Zakon.kz.

NDTV жазған ақпаратқа сәкес, Бихар тұрғыны Mahindra Scorpio көлігінің иесі жұмыс бабымен шетелге кетпек болған. Сол себепті көлігін үйдің алдында қалдырудан қауіптенген. Ол көлікті ақылы тұраққа қоюдың немесе туыстарына қалдырудың орнына арнайы техниканың көмегімен көлікті үйдің төбесіне көтеруді шешкен. Осылайша ол бағалы мүлкін бөтен адамдардың көзінен таса етпек болған.

Көлікті шатырға көтеріп жатқан видео интернетте тарағаннан кейін көпшілік көлікті еш зақым келтірмей жерге қайта түсіру мүмкіндігіне алаңдаған. Сондай-ақ қатты ыстық немесе жаңбыр кезінде көліктің жағдайы қандай болатыны туралы да сұрақ тудырды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!