Әнші Төреғали Төреәлі уақытша ұстау изоляторына қамалды

16:08, 30 қыркүйек 2022

Алматы. 30 қыркүйек. 7kun.kz – Белгілі қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі уақытша ұстау изоляторына қамалды деп хабарлайды 7kun.kz.

«Бүгін, 30 қыркүйекте күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу істі дұрыс шешу мақсатында қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылданатынын атап өтейін», – деді Алматы облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов.

Қылмыстық істің тергелу барысы мен нәтижесін Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы өз бақылауына алды.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде тараған видеода қабағы жарылған жігіттің қасынан бір топ адамды көруге болады. Олар Төреғали Төрәлінің жас жігітке қол көтергенін куәгер ретінде бірауыздан растайтыны айтады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!