Әңгімені дереу доғарыңыз: Ұлттық банк қазақстандықтарға маңызды мәлімдеме жасады
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 3 сәуірде алаяқтар мессенджерлерде жалған немесе пайдаланушылардың бұзылған дербес аккаунттарын пайдаланатын схемалар туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нақтыланғандай, қаскөйлер мессенджерлерде Қазақстан Ұлттық Банкі немесе өзге мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалған аккаунтын пайдаланады.
"Ал профиль шынайы көрінуі үшін жалпыға қолжетімді дереккөздерде, оның ішінде ведомстволардың ресми ресурстарында орналастырылған суреттер мен эмблемаларды қолданады. Сонымен қатар, алаяқтар өздерін мессенджердің техникалық қолдау қызметінен деп таныстырып, азаматтарға аккаунтын жоюға өтініш беру туралы хабарлама жібереді. Бұл шешімнің күшін жою үшін азаматтарға сайтқа өтуді ұсынады. Онда өз телефон нөмірін көрсетіп, хабарламада көрсетілген бір реттік кодты енгізуді талап қылады. Осылайша, олар аккаунтқа иелік етіп, пайдаланушыны бұғаттайды. Содан соң қаскөйлер жалған немесе бұзылған аккаунттарды пайдалана отырып, бұрынғы иесінің туыстары мен таныстарына хат жазады және түрлі сылтаумен ақша аударуды, сілтемеге өтуді, қосымшаны жүктеуді, мессенджерде жаңа функцияларды іске қосуды немесе жеке деректерін хабарлауды сұрайды",- делінген ақпаратта.
Бұдан бөлек, алаяқтар жалақысы жоғары перспективалы жұмыс туралы хабарламалар таратады немесе қоғамдық орындарда QR-кодтар жариялайды. Пайдаланушы көрсетілген сілтемеге өткен кезде олар сол мезетте мессенджерге, мобильді құрылғыға немесе дербес деректерге қол жеткізеді.
"Ұлттық Банк азаматтарды қырағы болуға және жасырын ақпаратты үшінші тұлғаларға хабарламауға, мессенджердегі күдікті хабарлар мен телефон қоңырауларына сенбеуге, сұратулардың түпнұсқалығын қайта тексеруге және ақша аударымдарын жасамауға, күмәнді сілтемелер мен файлдарды ашпауға, сондай-ақ HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer және т.б. қашықтан қол жеткізуге арналған қосымшаларды орнатпауға шақырады. Қазақстан Ұлттық Банкі үшінші тұлғалар тарапынан алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін мемлекеттік органдардың немесе Ұлттық Банктің қызметкері ретінде қоңырау шалған адаммен арадағы әңгімені дереу доғарып, қажет болған жағдайда мемлекеттік органның ресми нөміріне алаяқтық әрекет туралы өз бетінше хабарлауды ұсынады",- деп мәлімдеді ведомство.
Ұлттық банк егер сіз алаяқтардың арбауына тап болсаңыз, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына тиісті өтінішпен жүгінуге кеңес берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:51, 9 сәуір 2025
Спорттық гимнастикадан Хорватияда өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды
-
22:01, 9 сәуір 2025
Астана маңында балабақшаға бала таситын автобус апатқа ұшырады
-
21:48, 9 сәуір 2025
21 жасқа толмаған қазақстандықтарға ресми келісімсіз несие берілмейді
-
21:33, 9 сәуір 2025
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін айуандықпен өлтірген ер адам 22 жылға сотталды
-
21:02, 9 сәуір 2025
Тоқаев Вера Сидорованың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Танымал жаңалықтар
-
12:21, 9 сәуір 2025
-
13:13, 9 сәуір 2025
-
12:45, 9 сәуір 2025
-
13:03, 9 сәуір 2025
-
09:02, 9 сәуір 2025
-
09:53, 9 сәуір 2025
-
11:42, 9 сәуір 2025
-
14:19, 9 сәуір 2025
-
09:39, 9 сәуір 2025
-
09:13, 9 сәуір 2025
-
11:12, 9 сәуір 2025
-
09:26, 9 сәуір 2025
-
11:11, 9 сәуір 2025
-
10:46, 9 сәуір 2025
-
13:45, 9 сәуір 2025