Енді Конституцияда «Тәуелсіздік» пен «Егемендік» сөздері бас әріппен жазылады
© Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция мәтінін әзірлеу жұмысына өзі де тікелей қатысқанын айтты. Мемлекет басшысы құжаттағы "Тәуелсіздік" және "Егемендік" сөздерін бас әріппен жазу туралы шешімнің мәніне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің айтуынша, Конституцияның әр сөзіне мұқият қарап, әр бабына ерекше назар аударған. Ол бұл жұмысты ең алдымен азаматтық парызы деп санайды.
"Мәселен, Конституцияда біз халқымыз үшін киелі "Тәуелсіздік" және "Егемендік" сөздерін бас әріппен жазатын болдық. Мұның терең мәні бар", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы мұндай шешімдер арқылы қоғам санасына, әсіресе өскелең ұрпақтың бойына елдік қасиеттерді сіңіруге болатынын атап өтті.
Сонымен қатар Президент Конституцияның халықтың дүниетанымына және озық заңнама талаптарына сай әзірленгенін айтты. Оның пікірінше, Қазақстанның Ата заңы кәсіби тұрғыдан өте сапалы дайындалған құжат.
"Мұның бәрі қазіргі қазақ тілінің әлеуеті мен күш-қуатының айқын көрінісі екені сөзсіз", – деді Президент.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ауқымды жұмысқа білікті заңгерлермен бірге филология саласының тәжірибелі ғалымдары мен қазақ тілі мамандары да белсене қатысқанын жеткізді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 10 қараша 2026
Президент қазақ тілі орфографиясын ретке келтіру жұмысын келесі жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды
-
12:27, 10 қараша 2026
Тоқаев қазақ тілінің шет тілдерімен байланысын кеңейтуді тапсырды
-
12:26, 10 қараша 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тіліндегі цифрлық жобаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге шақырды
-
12:23, 10 қараша 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев «қылтима», «себезгі», «жеделсаты» сияқты сөздердің қажеттілігіне күмән келтірді
-
12:18, 10 қараша 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің ұлттық цифрлық деректер қорын жасақтау қажет екенін айтты





