«Ең сұлу жігіт еді». Мейрамбек Беспаевтың желіде жариялаған видеосы қызу талқыланып жатыр
© Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Танымал әнші Мейрамбек Беспаев отау құрғанына 19 жыл толуына орай әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы бейне ролик жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін үйленгенімізге - 19 жыл" деп жазды Instagram-дағы парақшасында жариялаған видеоның сипаттамасына әнші.
Видео әншінің жұбайымен өткізген 19 жыл отбасылық өмірінің қызықты сәттерін қысқаша баяндайтын сюжеттерден тұрады.
Видео астына пікір қалдырушылар Мейрамбектің жас кезінде Қазақстандағы ең сұлу жігіт болғанын, ол үйленген күні көп қыз жылап қалғанын жазады.
"Есімде сол күн… КТК телеарнасынан айтылды. Мен: "Мейрамбек, неге мені күтпедііііің?"- деп ботадай боздадым. Бала махаббат еді, кіршіксіз. 11-сынып түлегі едім ол кезде. ҰБТ уақыты болатын. Сізге арналған бір қалың дәптер бар еді. Іші толған өлең жолдары. Ол дәптердің қайда қалғанын білмеймін қазір. Қазір үш баланың анасы, аяулы жармын. Өз отбасыма тілеген жақсылықты сіздерге де тіледім. Махаббаттарыңыз мәңгілік болсын, ағатай!" деп жазды Жазира есімді сұлу.
Қуаныш Хусан деген желі қолданушысы тіпті, Мейрамбектің үйленгенін естіген Қытайдағы бір қыздың сол кезде өзіне қол жұмсағанын да еске алыпты.
Асхат Тәжібаев аккаунтының иесі: "2004 жылы, әлі есімде, ол дәуірде үлкен апайлардың, қыздардың барлығы "Музарт" десе ішкен асын жерге қойып, соларға өлердей ғашық болатын" депті.
Посмотреть эту публикацию в InstagramИсточник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!Тағы да оқыңыздар:
- 22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
- 21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
- 21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
- 20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
- 20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





