Әмір Омарханов еліміздің атынан Испаниядағы ірі турнирде өнер көрсеткен алғашқы жас теннисші

18:56, 22 сәуір 2024

© Сурет: ktf.kz

Мадридте "Мастерс" турнирінің іріктеу ойындары басталды. Турнир ұйымдастырушыларынан wild card алған 16 жастағы Әмір Омарханов әлемнің 86-шы ракеткасы, испандық Роберто Баутиста Агутаға қарсы ойын өрнегін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ITF әлемдік жасөспірімдер рейтингісінде 13-ші орынға ие жерлесіміз бірінші партияда 2:1 есебімен алға шықты, бірақ содан кейін әлемнің бұрынғы тоғызыншы ракеткасының тәжірибесі өз дегенін жасады. Агут 6-2 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Әмір бір гейм ала алды, осылайша испандық 6-1 есебімен жеңіске жетті.

Әмір Омарханов 16 жасында "Мастерс" турнирінің іріктеу ойындарына қатысқан алғашқы қазақстандық болды. Бұл - оның АТР-тур деңгейіндегі турнирдегі алғашқы тәжірибесі. Ұйымдастырушылар жас қазақстандықтың жетістіктерін бағалап, оған арнайы шақыру берді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!