Елордадан көлік ұрлап шықққан адам Ресейге тартып бара жатқан

10:11, 20 қыркүйек 2021

© Сурет: pexels.com

Нұр-Сұлтан полиция қызметкерлері көлік ұрлады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Полиция бөліміне қала тұрғыны қоңырау шалып, Найзакара көшесінде өз үйі ауласынан "Лада-99" автокөлігінің ұрланғандығын айтты. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде көлікті ұрлап кеткен адам Атбасар қаласында ұсталды.

Кейін белгілі болғандай, 27 жастағы Атбасар қаласының тұрғыны таңертең таңғы сағат 05:00 шамасында үйдің қақпасы алдында тұрған көлікке жақындап, көлікті өз бетімен ашып, оны 500 метрге дейін итеріп апарып, содан соң кілтке қосып, айдап кеткен. Герцен көшесіне келгенде ол автокөліктің мемлекеттік нөмірін жұлып алып тастап, оны ресейлікке ауыстырады, содан кейін Астрахань тас жолының бойымен Атбасарға тартады, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!